Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырылған «Жас волонтер» жобасының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Шығармашыл жастар» қоғамдық қоры жүзеге асырды. Жобаға қаланың белсенді 14-35 жас аралығындағы жастары қатысып, олардың ұсынған жобалары 1 айдан аса уақыт қаралған.