ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Оқу уақыты 1 мин.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қала тұрғындарымен бірге Қайнарбұлақ, Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі аясында бірқатар кәсіпорынды көгілдір отынмен қамтамасыз ету шараларына қатысты. Айта кетерлігі, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі биылғы жылдың қазан айында аяқталған болатын.