ТЕЛЕКАНАЛ 77TV

ВАШ ТЕЛЕКАНАЛ

ЩОРС ШАРАФУТДИНОВ ЕЛ ЕСІНДЕ

Оқу уақыты 1 мин.

Жамбыл облысының дамуына өз үлесін қосқан азаматтар аз емес. Солардың бірі – Щорс Шарафутдинов. Еңбек жолын қарапайым шебер ретінде бастаған ол, кейіннен облыстық деңгейдегі басшылық қызметке дейін көтеріліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне сүбелі еңбек етті. Ардақты азаматтың өмір жолы мен қызметі тарихқа терең із қалдырды. Оның дәлелі – күні кеше өзі соңғы 40 жылын өткізген үйдің қабырғасына мемориалдық тақта ашылды. Бұл – елге сіңірген еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы әрі ұрпаққа мәңгілік естелік. Толығырақ – алдағы сюжетте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *