7 Июн 2025, Сб

САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін садақ атудан жабық кешенде Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы чемпионаты өз жұмысын бастады. Бұл бәсеке еліміздің әр түкпірінен 300-ден астам жас мергендерді жинады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан және Жетісу облыстарынан келген спортшылар қатысуда.