9 Май 2025, Пт

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін облыстық Баласағұн орталық концерт залында жылдағы дәстүрінен жаңылмай «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» атты республикалық жыр бәйгесі өтті. Сөз барымтаға еліміздің түкпір түкпірінен айтыстың ақ байрағын желбіретіп азулы 10 ақын ат қосты. Сондай-ақ Қарт Қаратаудың қадірлі сөзді қастерлеген жас өрендерімен қатар өңіріміздің ұстаз ақындары Есет Досалы мен Айтмұханбет Исақов қатысты.