Түркістан облысында “RESPUBLICA” партиясының өңірлік филиалы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмысты жаңа деңгейге шығаруда. Партия мен жергілікті журналистер арасындағы тығыз байланыс – аймақтағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің ашық талқылануына, сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы көпір рөлін атқаруға мүмкіндік беріп отыр.