Биылғы жылы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен қатерге қарсы 4146 шығулар болған. Нәтижесінде 273 адам құтқарылып, 477 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Дей тұрғанмен, 13 адам бақиға аттаныпты. Өкінішке қарай оның 4-і балалар. Бұл биылғы жылдың қатерлі оқиғаларына ортақ көрсеткіш. Ал қыстыгүні төтеншеліктерді үлкен міндеттер күтіп тұр. Осыған орай 24-25 желтоқсан күндері «Қыс-2022» профилактикалық іс-шарасы өткізілмек. Бұл қытымыр қысқа дайындық есебінде.