Тараз теміржол көлігі және коммуникациялар колледжінде бітіруші курс студенттерінің әскери бөлім қызметкерлерімен “Отан қорғау – қасиетті борыш” тақырыбында кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеру және оларды әскери қызметке даярлау. Кездесу барысында сарбаздар Отан алдындағы борыштың маңыздылығын атап өтіп, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді.