1 Июл 2025, Вт

ОФИЦЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысынан әскери есепте тұрған әскерилер  Таразға әскери дайындықтан өту үшін арнайы келді. Бұл оқу-жаттығуда 50-ге жуық запастағы офицерлер  бір ай бойы әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Жаттығуды ұйымдастыру мен өткізуге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыру-жұмылдыру бөлімінің өкілдері жауапты болмақ.