29 Апр 2025, Вт

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

https://www.instagram.com/p/DFsI4hgt98J/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев адал еңбектің үлгісін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ардақты ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады. Осы жолғы басқосу құрылыс саласының ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Жәнәбіл Нұрқыштың 90 жасқа, Жалағаш аудандық ардагерлеркеңесінің төрағасы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы,  «Құрмет» орденінің иегері Садық Әлиевтың 85 жасқа және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарымен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы,  «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нәжмедин Мұсабаевтың 75 жасқа толған мерейтойларының құрметіне арналды.
Аймақ басшысы  Сыр жұртшылығы атынанқұттықтау лебізін жеткізді.
«Біз Сырдың қасиетті топырағында дүниеге келіп, елге қалтқысыз қызмет еткен аға буын өкілдерін ұлықтауды, олардың жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырдық.
Үлкендеріміз ел іргесінің сөгілмеуін, өскелең ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды бірлікке үндеп келеді.  Ағаларымыз  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.
Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін  құнды! Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын!», – дедіН.Нәлібаев.