23 Апр 2025, Ср

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Каникулға шыққан халық қалаулылары ел аралап, мұқым елдің мұңын тыңдап жүр. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысына келген ең жас мәжіліс депутаты Динара Науымова бірқатар аудандарда болып, кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесіп, проблемаларын тыңдады. Республика партиясының өкілі бүгінгі іс-сапарын Тараз қаласында жалғастырып, бірнеше нысандарды аралап көрді. Мәселелерімен танысты.