«ЛАЙК» ҮШІН ДРИФТ: ЖАМБЫЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БЛОГЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ

Тараз қаласында блогердің бейнеролик түсірілімі «лайкпен» емес, полициямен жүздесумен аяқталды. Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Жамбыл облысының полицейлері қаланың орталық көшелерінің бірінде қауіпті маневрлер жасап, өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіретін бейнетүсірілімді анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт басқалардың қауіпсіздігін елемей, өз парақшасына «контент» түсірген.