ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ
Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Осы орайда биыл облыста жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына 46 943 адам жұмысқа орналастырылмақ. Осы жылдың 1 шілдесіне дейін 26 867 адам жұмысқа орналасқан. Ал, тұрақты жұмыс орындарының саны 31 746 орын болса, бүгінгі таңда 13 507 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.