"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖҮЗДЕН АСТАМ АВТОКӨЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

1 min read

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бері Жамбыл облысында шетелдік көлікті заңдастыру акциясы бойынша қазақстандық есепке 114 автокөлік қойылды. Олардың  басым бөлігі Қырғызстаннан келген көліктер. Жалпы бүгінге дейін 1500-ден астам адам заңдастыруға өтініш білдірген.Бүгінгі күннің өзінде 12 көлік заңдастыру рәсімінен өтіп, олардың иелері қазақстандық тіркеу куәліктері мен мемлекеттік нөмірлерін алды.Заңдастыру өте белсенді түрде жүргізілуде, шетелдік автокөліктердің иелері қажетті құжаттарды ұсынады және заңдастырудың барлық кезеңдерінен еш кедергісіз  өтеді. Мысалы, Қырғызстаннан әкелген «Тойота Камри» маркалы автокөліктің иесі өз бетінше egov.kz. сайты  арқылы  өтініш бере алмай тұрғандығы туралы  жүгінді.Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын арнайы ХҚКО-ның  жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Олар 2023 жылғы 6 ақпанға дейін  дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында, сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *