ЖЕТПІС ЖАСТАҒЫ ЖЕЛАЯҚ
Бұқаралық спортты дамыту мемлекеттің басты бағытының бірі. Ол үшін құр қаржы бөлген жеткіліксіз. Үлгі көрсететін спортшы керек. Соның бірі жамбылдық 70 жастағы желаяқ Жақсылық Мамырбекұлы. Оның қатарластары ширақтығына таң қалса, әйгілі Марат Жыланбаевтың өзі жүгірісіне тамсанған екен. Зейнетте болса да бейнеттеніп жүрген қария 7 жыл аралығында 4 мемлекетте өткен жарыста желаяқтарды шаң қаптырып, еліміздің 12 қаласында ізі қалған. Қария деуге келмейтін марафоншы жайында Мағжан Орынбасар әңгімелейді.