ЖЕРГІЛІКТІ НАРЫҚТАҒЫ КОНДИТЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздің еңбек нарығында жұмысшы мамандардың маңызын арттыруды мақсат етеді. Меркі ауданының Сарымолдаев ауылдық округінде осы бағытта үлкен еңбек сіңіріп жүрген жұмысшы маманның бірі — Дамира Баулыбаева. Ол тәтті торттар пісірумен айналысып, жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы өнімдер ұсынады.