ЖАУАПСЫЗ ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Аймақта экономика саласында мәселе жетерлік.Барлығы жауаптылардың жауапкершілігіндегі істі толық атқармауында, сондай-ақ, мәселелерге бей-жай қарауында болып отыр. Жауаптылар деп отырғанымыз басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдері. Әсіресе, аудандарда көрсеткіштер тым төмен. Ауданбасылар мұның себептерін ауданындағы өндіріс орындары жұмысының төмендігімен түсіндіреді. Алайда, ауыз толтырарлық бітірген тірлігі болмаса да, сансыз сылтауы бітпейтін әкімдерге бүгінгі кеңейтілген мәжілісте аймақ басшысы қатаң ескерту жасап, қажет болса қызметінен алуға дайын екенін жеткізді. Облыс әкімінің шыдамын тауысқан сала өкілдері мен басшылар кімдер? Өңірдің экономикалық даму қорытындысына облыс әкімінің көңілі неге толмай отыр? Сюжеттен көріңіз!