ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
1 min read
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдетілген несие беру қағидасын бекітті. Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асады. Дәл осы мақсатқа 347 адамға 1 735 млн.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Облысымызда микрокредиттеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталады деп жоспарлануда.