ЖАМБЫЛДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Жамбылда жол сапасы жақсарып келеді. Биыл өңірде жол құрылысы материалдарының 1736 дана үлгісіне сараптау жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындысында оның 266 данасы талапқа сәйкес келмейтіні анықталған. Нәтижесінде биыл жұмысынан кемшілік анықталған мердігерлер республикалық маңызы бар және жергілікті жолдарда 70 млнға жуық қаражатқа олқылықтың орнын толтырыпты. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда едәуір төмен дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облыстық филиалының мамандары. Өйткені Жамбылдағы жол саласындағы сапа қатаң бақылауға алынған.