"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖАМБЫЛДА АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

1 min read

Ағымдағы жылғы 23 шілдеден бастап облыс аумағында республикалық «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы  өткізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен бірге Көліктік бақылау инспекциясы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысуда. Іс-шара барысында республикалық, жергілікті маңыздағы автожолдарда және көше жол желісінде жолаушыларды, багажды тасымалдайтын көліктермен болатын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Рейд кезінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 501 дерегі анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *