Биылғы мамырда Жамбыл облысының халқы 1152,1 мың адамды құрады. Жыл басынан бері өңір тұрғындарының саны 2,2 мың адамға өсті. Қалалық жерлерде 461,7 мың адам, ауылда – 690,4 мың адам тұрады.Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты.