ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
1 min read
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.Айта кетейік, бүгінге дейін облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдер халықпен 820-дан астам кездесу өткізсе, оның 23-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған. Күні кеше аймақ басшысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.