ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
1 min read

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшері 9 пайызға артты. Облыстың бас медиа алаңындағы баспасөз брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» облысы бойынша филиал директорының орынбасары осылай деді. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл шамамен 203 060 теңге. Осылайша, 2024 жылы ең төменгі зейнетақы төлемдері 94 749 теңгені құрады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.