ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
1 min read
Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы өз құзіреті шегінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 15 аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы профилактикалық және 25 ауруға қарсы диагностикалық іс-шараларды жүргізеді. Сонымен қатар, кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, мемлекеттік тізілімге енбеген басқа да ауруларға қарсы ақылы қызмет көрсетеді. Бұл жайлы жауапты мамандар баспасөз алаңында мәлімдеді.