ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА ПРЕСС-ТУР ЖАСАЛДЫ
Биылғы жылдың 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 68 262 турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5%-ға артып отыр. Бұл демалыс орындары мен тарихи аймақтарға келген меймандардың ресми дерегі. Ал, туризм басқармасының басшысы «Көне Тараз» этно мәдени кешенін күніне 5 шетелдік қонақ аралап көретінін айтады. Тіпті тарихи орындарға келіп, зиарат етушілер де көбейген. Сондай-ақ, тасжолды төске алып, алыстан ат арынтып келетіндер үшін республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы 12 заманауи әжетхананы күтіп ұстау да қолға алынған. Оның әр қайсысына жылына 83 мың теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгінгі туризм басқармасы ұйымдастырған баспасөз турында айтылды. Сонымен қатар, тілшілер қауымы бірқатар тарихи, демалыс орындарына барып, ахуалды өз көзімен көрді.