ТАРИХИ МҰРА ЖЫЛ САЙЫН ТОЛЫҒУДА
1 min read
Музей — мемлекеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани — идеологиялық бағытта жұмыс жасайтын нысан. Мұралар мекемесі ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады.Сондықтан музей — еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.