ТАРАЗДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
1 min read

Тараз қаласында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайлар қызметтерінің су тасқыны кезінде атқаратын іс-қимылдары орындалды. Талас өзенінде су деңгейінің көтерілуі тұрғын үйлерге қауіп төндірері анық. Осы жағдайды ескере отырып, су тасқынының алдын алу шаралары ұйымдастырылды.