9 Май 2025, Пт

ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. ҚР Тәуелсіздік күні Жамбыл облысында да жоғары деңгейде атап өтілді.  Облыс әкімінің қатысуымен Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі өтті.