ТАРАЗДА ГАЗДАН УЛАНҒАН ОТБАСЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Жамбыл облысының Полиция департаменті 5 адамнан тұратын отбасыны газбен уланудан құтқару туралы толыққанды мәлімет берді. Оқиға 6 наурызда сағат 22:00 шамасында болды. Тараз қаласы ПБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне келген. Мектепке келмеген 8 жасар баланың ата-анасы қоңырауларға жауап бермеген. Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда оған ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болды. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiредi. Барлық бөлмелерді аралап шыққан полиция қызметкері 58 жастағы отағасын, оның 47 жастағы әйелін, олардың 12 және 10 жастағы қыздарын, сондай-ақ 8 жасар ұлын көшеге шығарды. Полицей зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі қажетті көмек көрсетіп, кейін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Отбасы дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, егер оларға көмек сәл кешiккенде, ешкімді құтқару мүмкін болмас еді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерінің және мектеп директоры орынбасарының үйлесімді және жедел іс-қимылдарының, немқұрайлы қарамағандығының арқасында отбасының барлық мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.