ТАЛАСТА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылында демеушілер есебінен салынған баскетбол мен стритворкаут алаңшасы пайдалануға берілді. Спорттық нысанның құны 30 млн теңгені құрайды. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа спорт нысанының пайдалануға берілуімен құттықтады.