"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДЫ АНЫҚТАДЫ

1 min read

Жамбыл аудандық полиция бөліміне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары өтініш білдірді. Олардың айтуынша, «Тараз-Қаратау» тас жолында нөмірлері жоқ «Lada Priora» маркалы автокөлікпен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп  900 мың теңге сомасында ақшаларын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21, 22 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан 794 мың теңге сомасында қолма-қол ақша алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *