ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ҰСТАДЫ
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Күні кеше Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 52 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары көлік жүргізушісінің мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның мас күйінде болғаны анықталды.Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, Б. Момышұлы ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде «Лада» маркалы автокөлікті басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады, оның сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық құқық 34-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.