СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ПСИХОЛОГ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНУДІ КӨБЕЙТТІ
1 min read
Ұлттық Қоғамдық денсаулық орталығының мәліметінше, 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде елде суицид пен суицидтік әрекеттер саны артқан. Оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау факторлары 27,6% – ға, қол жұмсау әрекеттері 10,1% — ға өсті. 2022 жылдың соңғы екі айында суицид жасаушылар саны едәуір жоғары нәтижені көрсеткен. Ал, жасөспірімдер арасында мұндай жайттардың төмендеуі байқалады. Сарапшылардың пікірінше, аталған деректер суицидтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың деңгейін көрсетеді.