СУДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Су тапшылығын еңсеру жолында облыста өткен жылы су үнемдеу мақсатында 50,9 мың технология енгізілген. Ал биылғы жылы су үнемдеу технологияларын 57,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Кейінгі кезде ағын сумен қатар, жерасты сулары да азайып бара жатқанын ескерсек, егістікті арықты суға толтырып, жаппай жайып суаратын ескі тәсілдің уақыты өтті. Арқаны кеңге салып жүре берсек, жаңа технологияны енгізбесек, егістіктен күтілгендей өнім ала алмайтынымыз тағы бар. Осыған орай, бүгін суару жүйелерін алудың жолдары мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты арнайы жиын өтті.