СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
1 min read
Жалпы облыста 2023-2024 оқу жылын 586 мектепке дейінгі, 506 орта білім беру, 42 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 400 мыңнан астам оқушылар, студенттер мен тәрбиеленушілер аяқтады. Жазғы демалысқа аттанған білімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де білім басқармасының жіті назарында. Мәселен ағымдағы жылғы суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы облыс әкімінің және білім басқармасының тарапынан тиісті жоспарлар бекітіліп, бақылауға алынған екен. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.