ШУ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданы Өндіріс ауылдық округіндегі жаңа мәдениет үйінің ашылуына қатысты. 100 орындық мәдениет нысаны «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген. Құрылысын мердігер «Тараз Инвест Құрылыс» ЖШС жүргізген ғимараттың жобалық құны 256,9 млн. теңгені құраған.