ШУ АУДАНЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
«Қамқорлық» қорының қолдауымен Шу аудандық орталық ауруханасында оңалту орталығы ашылды. Айтулы шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова және ардагерлер қатысты.