ШУ АУДАНЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ «ҚАЗАҚМЫСТАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ
1 min read
Жамбыл облысы Шу ауданының ауылдарынан 200-ден астам отбасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қайырымдылық көмегімен қамтылды. Компания ауқымды акцияны Құрбан Айт мерекесіне орай ұйымдастырған еді. Азық-түлік жиынтығы түріндегі қайырымдылық көмек қаржылық жағдайы ауыр отбасыларға, көп балалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілді.