ШУДАҒЫ АУЫЗ СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
1 min read
2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл Президенттің тапсырмасы. Осы орайда өңір-өңірлерде жергілікті жұртты ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысында да бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мәселен, Шу ауданында ауыз су мәселесі түбегейлі шешілетін күн жақын. Салаға жауапты «Ауыз су -Шу» мекемесімен жыл ішінде жүйелі жұмыстар жүргізілгенін байқауға болады. Оның үстіне былтырғы шіледеде аталмыш мекемеге «Теміржол су -Шу» мекемесі қосылып, тұтынушылар толығымен жаңа кәсіпорын қызметіне көшкен.