САРЫСУДА 182 АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Сарысу ауданы прокуратурасы аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан (бұдан әрі — Мекеме) «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген қайтарымсыз грант алушы 182 азаматтан (оның ішінде 49 шағын кәсіпкерлік субъектілері) қолданыстағы заңнамада көзделмеген талаптарды міндеттеу арқылы, негізсіз қол хат алынып отырғанын анықтады. Атап айтқанда, Мекемемен грант алушылардан қаражат түскен күннен бастап, 1 ай ішінде сатып алынған заттардың растама құжаттарын тапсыруды және азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын 1 жыл бойы өзгертпеуді негізсіз міндеттеп, конституциялық құқықтарын шектеген. Аудан прокуратурасымен енгізілген ұсынудың нәтижесінде ауданда қалыптасқан заңсыз тәжірибеге тосқауыл қойылып, 182 азаматтың (оның ішінде 49 кәсіпкерлердің) конституциялық құқықтары қорғалды.