9 Май 2025, Пт

ҚЫТАЙМЕН ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Тараз қаласы мен Қытай Халық Республикасының Хух-Хото қаласы арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту аясында кездесу өтті. Басқосуға Тараз қаласының 20-ға жуық кәсіпкері қатысты, олар өзара сауда-саттық байланысын орнату мақсатында пікірлесіп, жиын өткізді.