ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «САЛАУАТТЫ АУЫЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
1 min read
Жастарды бұқаралық спортқа тарту, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға дағдыландыру – қазіргі заманның басты талабы. Себебі, дені сау ұлт – мемлекеттің басты байлығы. Осы мақсатта елімізде көптеген жұмыстар қолға алынуда. Мәселен Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында «Салауатты ауыл» акциясы басталды. Акцияға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті Төлебай Рақыпбеков және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қатысты.