ҚАСИЕТТІ АЙҒА ҚАМДАНЫҢЫЗ!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Қасиетті айдың басталуына 1 апта уақыт қалды. Мұсылман қауымы асыға күткен айда садақа мөлшері қандай болады? Құлшылыққа арнаған уақытта немен айналысқан дұрыс? Жылдағы әдеппен биылғы ерекшеліктерді облысымыздың бас имамы айтты.