"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҚАРУЛЫ ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ

1 min read

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру мақсатында қару сақтады деген күдікпен 26 жастағы Жаңатас қаласының тұрғынын анықтады. Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігінен шығу туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, нәтижесінде көше бойында тұрған көлікті соғады. Сол мезетте жүргізушінің алдыңғы есігін ашып, сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге жоғары жылдамдықпен сүйреп алып кетеді. Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері алдымен ауаға, одан соң көліктің дөңгелегіне оқ атқан соң аталған автокөлік аялдамаға соқтығысады. Соған қарамастан, күдікті және көлікте бірге болған үш танысы бой тасаламақ болған, алайда полиция қызметкерлерімен олардың барлығы ұсталды. Күдіктінің автокөлігінен 1 ауызды 12 калибрлі «МР-153» маркалы тегіс ұңғылы мылтығы 4 дана оғымен, 1 ауызды 410 калибрлі «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтығы 13 оғымен, 5,6 мм калибрлі «Марголин» тапаншасы 7 дана оғымен, 1 дана оққағар, 1 дана газды-дыбысты гранатасы және асхана пышағы тәркіленді. Одан бөлек, оның Жаңатас қаласындағы тұрғылықты мекенжайы бойынша өзінің қатысуымен тінту жүргізу барысында пневматикалық «BORNER» маркалы тапаншасы, 6 оқ және матаға оралған ерекше иісі бар шөп тәрізді зат табылды.Күдікті медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, есірткі тұтынғаны анықталды.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот-медициналық және сот-баллистикалық сараптамалары тағайындалды.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *