ПЛАСТИК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕГІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК

Өз ісінің шебері – қоғам дамуының негізі. Білікті мамандардың көбеюі – ел сапасының көрсеткіші. Сондықтан жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Ақарал ауылының тұрғыны Жаннұр Жөкетай – осы талапқа сай еңбек етіп жүрген жас маман. Ол Меркі ауданында пластик өнімдерін өндірумен айналысады. Заманауи өндірістің бір бөлігіне айналған оның кәсібі экология мен экономикаға оң ықпал етуде. Жаннұр Жөкетай өз ісін экологиялық таза өнімдер мен тиімді технологияларды қолдану арқылы дамытып келеді. Ол үшін бұл кәсіп – жай ғана табыс көзі емес, өмірінің маңызды бір бөлігі ретінде санайды.