ПИРОТЕХНИКАНЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАРҒА 4 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жамбыл облысы аумағында 2022 жылғы 25 желтоқсаннан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Рейдтердің басты мақсаты-мереке алдындағы және жаңа жылдық күндерде азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады. Іс-шара барысында полицейлер пиротехниканың заңсыз сатылуын анықтау бойынша 137 рейдтік жұмыстар жүргізді, нәтижесінде 48 дерек анықталды. Сатушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 76575 теңге көлемінде айыппұл салынды, сәйкестік сертификаты жоқ 194 пиротехникалық бұйым тәркіленген. Жамбыл облысының Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды арнайы контейнерлерден тыс және пиротехникалық бұйымдарды сақтауға тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық павильондарында, автокөліктерде, шатырларда сатуына қатаң тыйым салынғанын ескертеді.Сонымен қатар, Полиция департаменті өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін, Сізден, пиротехникалық өнімдерді арнайы заңдастырылған орындарда ғана сатып алуды ұсынады. Егер Сіз осындай құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, полицияның «102» байланыс арнасына немесе ауданыңыздағы кезекші полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.