ӨҢІРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ФОРУМ ӨТПЕК
1 min read
Сәуір айының соңына таман өңірдің инвестициялық белсенділігін ынталандыру мақсатында «Zhambyl Economic Investment Forum – 2023» ұймдастырылмақшы. Аталған форум Тараз қаласының «Көне Тараз» этно-мәдени орталығында өткізуді жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баспасөз конференциясында айтты. Онда спикер аталған басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ретін баяндап, БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.