ӨМІРМЕН ЕРТЕ ҚОШТАСУҒА ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
1 min read
Өз-өзіне қол жұмсаудың бүгінгі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталуда. Ел ішінде суицид деген қара түнектің етек алғаны сонша, бүгінде бұл термин күнделікті қолданысқа еніп кетті. Атауының өзінде үрей мен қорқыныш толы бұл сөзге құлағымыз үйреніп қалғандай. Олай дейтініміз алып шаһар тұрмақ кішігірім ауылдардың ішінен аты жаман өлім жайлы жиі құлағымыз шалуда. Суицидтің дендеп алғаны сонша, бүгінде жасөспірімдерден бастап, естияр азаматтарға дейін өздеріне оп-оңай қол салуды әдетке айналдырған. Бұл мәселе тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған проблема.