ОБЛЫСТА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛГЕН АЛҚАП КӨЛЕМІ 65,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТЕДІ
Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар ұлғайып келеді. Өткен жылы тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қолданылатын егістік көлемі 57,2 мың гектарға жетсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға дейін арттыру көзделуде. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен су шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңесте айтылды.