ОБЛЫСТА 9 МЫҢ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
1 min read
Жазғы демалысқа шыққан балалар шаттанып, лагерге аттанып жатыр. Облыста биыл әлеуметтік аз қамтылған 9 мыңға жуық бала қала сыртындағы дамылжайларға жөнелтілмек. Ол үшін әкімдіктің әмиянынан 400 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан берілген қаражат та мақсатты жұмсалмақ. Жалпы облыста жұмыс жасап тұрған 9 лагер болса, бүгінгі күні оған 1700-ге жуық бала аттанған.